Шығыс Қазақстанда облысында мал бағып жүрген шопанды найзағай соқты

ШҚО-да найзағайдың соққысынан термиялық күйік алған шопан облыстық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Шығыс Қазақстанда облысында мал бағып жүрген шопанды найзағай соқты

Бұл оқиға түстен кейін, Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылының маңында болды. 48 жастағы ер адам ауа райының бұзылып бара жатқанына қарамастан мал жайып жүрген. Күннің күркіреуінен шыққан найзағай шопанға түсіп, нәтижесінде оның сол аяғы мен мойны күйіп, ғажап жағдайда аман қалды. Қазіргі уақытта термиялық күйік алған жәбірленуші аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Осыған орай, ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға табиғатқа шығатын кезде ауа-райы болжамына назар аударулары керек екенін еске салады. Жақын арада синоптиктер облыстың аумағында күн күркіреп, қатты жел соғады деген болжам келтіруде.


Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар