Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар адамы ауыл малдарын ұрлап жүр

Шығыс Қазақстандағы ерекше жаңалық барлығын таңқалдырды. Бұл өлкеде бұған дейін тек қиялда ғана кездесетін қар адамы пайда болған.

22030330

Сурет nlo-mir.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Оны жергілікті бірнеше тұрғын көрген. Фермерлер болса қар адамы олардың малдарын ұрлап әкетіп жүр дегенді айтады. Алтай тауларында түз адамы мекендейді деген әңгіме ауылда бұрыннан айтылады екен. Бұрын бұл тек алып-қашпа әңгіме болса, енді оны адамдар өз көздерімен көре бастапты. Ауыл тұрғыны Серік малдарын қарап жүріп, қар адамымен кездесіп қалғанын да айтып берді.

“Әуелі біртүрлі дыбысты естідім. Артынша оны көріп, шошып кеттім. Өте алып адам менің қойларымның бірін алып, тез-тез басып тау жаққа қарай кетіп қалды. Оның бойы шамамен екі метрдей. Оның қолдары өте ұзын, ал жүрісі маймылдарға ұқсайды”, – дейді тұрғын.

Оның қорыққаны сонша үйіне қайтып оралуға жүрексініп, түнді полиция бөлімшесінде өткізіпті. Таңертең өз-өзіне келген ол, кешегі орынға барып малдан төгілген қан ізі мен дәу ұрлықшының саусақ іздерін тапқан. Ауыл тұрғындары бұны білгеннен соң, арнайы топ дайындауды шешкен. Олар тауға қар адамын іздеуге жіберіліпті. Ауыл тұрғындары тек малдары үшін ғана емес, балалары үшін де қорқып отыр.

Талқылау