Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда екі апта бұрын жоғалып кеткен әскери қызметкер Алматыдан табылды

Қазастан Республикасы Қорғаныс министрлігі Өскеменде келісім-шартпен қызмет атқарып жүрген әскеридің Алматыдан табылғанын хабарлады. Өз еркімен еш рұқсатсыз кетіп қалған әскеридің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

yO1tOEczZPI_0_1_1

“Бүгін 12 наурыз күні сағат 13.00 шамасында Алматыдағы “Сайран” автовокзалы маңында Алматы өлкелік гарнизонының жедел әскери полиция тобы келісім-шартпен қызмет атқарушы, бұдан бұрын қызметке шықпай жоғалып кеткен ефрейтор Дәулет Орынтаевты ұстады”, – делінген ресми хабарламада.

1-12 наурыз аралығында оның өз бетімен Алматыда жүргені анықталды.

“Әскери қызметкер аман-есен, өзінің жоғалып кетуін демалғысы келгенімен түсіндірді”, – дейді мекеме хабарламасы.

Бүгінгі күні аталған дерек негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өскемен гарнизонының әскери полициясы оның неліктен әскери бөлімді тастап шыққанын анықтаумен айналысуда.

Еске сала кетсек, Дәулет Орынтаевтың жоғалып кеткені туралы ақпарат ертеректе шыққан еді. Онда оның достары көріпкелге барып, оның 14-15 шақырымдай жерде күшпен ұстап отыруы мүмкін деген ақпараты жарияланған. Кейінірек құқық қорғау органдары әскери қызметкердің банк карточкасын пайдаланғанын және телефонмен сөйлескенін анықтаған.

Талқылау