Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда дүлей жел шатырларды ұшырып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Самарское ауылында соққан қатты жел аудандық аурухана ғимаратының шатырын жұлып алып кетті. Секундына 32 метрге дейін жеткен желдің салдарынан ауылдағы көпқабатты үйдің шатыры да қираған.

9888

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Қазір келтірілген шығын көлемі анықталуда. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

8555

“12 қыркүйек күні сағат 17.30-да Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Самарское ауылында екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан ауданаралық аурухана ғимаратының ауданы 600 шаршы метр шатыры ішінара жұлынды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа көпқабатты үйдің ауданы 60 шаршы метр шатыры ішінара жұлынды. Зардап шеккендер жоқ”, – деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Талқылау