Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны көзі көрмейтін соғыс ардагерін тонап кетті

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғыны соғыс ардагерін үйінен алдап шығарып алып, үй ішін үптеп кеткен. Ұсталған ер адам қылмысқа ақша қатты қажет болғандықтан бардым деп ақталған.

ui-51c3bed37a6989.25516858

Сурет our-gazeta.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Оқиға өткен жылдың қазан айында болған. 38 жастағы жергілікті тұрғын көзі көріп, құлағы естімейтін ардагер мен оның күтушісіне бірнеше рет көмектесіп жүрген. Ер адам көршісінің ақшаны қайда жасыратынын да анық білген.

Тұрғын үйге кедергісіз кіріп, ойын жүзеге асыру үшін ер адам өзінше жоспар құрған. Ол көршісіне телефон шалып, ауруханаға шақырып жатыр деп айтқан. Есікті кілттемей әйел үйден шығып кете салысымен, ол дереу ішке кірген. Ол арзан ұялы телефон мен 120 мың теңгені қалтасына басып шығып кеткен. Ақшаның көп бөлігін ол азық-түлік алуға жұмсап, қалғанын екіқабат бірге тұратын әйелге берген.

Сот істі қарау барысында айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екенін және өзінің де өкініп тәубесіне келіп тұрғанын ескерген. Осылайша ол бостандықта қала беретін болды. Аудандық сот тек оның жеке мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау