Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан тұрғыны қонжық асырап жұртты таң қалдырды

Екі аптадан бері қолға үйретіп жатқан қожайынның бұйрықтарын да бұлжытпай орындайды екен. Тіпті, балалардан қалмай ойнап, өзенге бірге шомылады,-деп жазды КТК арнасы.

аюдос
Ауыл имамы Раушан Зульфиев қонжықты егіс алқабынан тауып алыпты. Айтуынша, енесін браконьерлер атып алған көрінеді. Ал ол иен далада өлудің аз-ақ алдында қалған шынашақтай жыртқышты үйіне әкелуді жөн санаған. Бастапқыда оның бұл әрекетіне ауылдастары қарсылық білдірген. Қазір 3 айға толған Миша есімді қонжық көптің қаупін сейілтіпті.

Иесінен ішетін сүті мен жейтін балын да дауыс шығарып сұрауды үйренген екен. Алғыс ретінде олардың беті-басын жалайтын көрінеді. Қонжықты қолда өсіруді ғаламтордан оқып біліп отырған Зульфиевтар оны зообаққа өткізгілері жоқ.

«Адам өзінің мейіріміне бөлесе ешқашан бұл жыртқыш болмайды. Ол үйренеді адамға. Егер, бұған қатал қараса әрине жыртқыш болып өседі»,-дейді Герасимовка ауылының тұрғыны Раушан Зульфиев

Талқылау