Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында ерлі-зайыптылар өз үйінің табалдырығында үсіп өлді

 Зырянов ауданында ері мен әйелі тоңып қайтыс болды. Азаматтық некедегілер өз үйлерінің есігін аша алмаған күйі, сол арада көз жұмған.

new-21821-2012-12-20

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Зырянов аудандық ІІБ қызметкерлері хабарлағандай, қайғылы оқиға 16 қаңтарда болған. Осы күні өлкедегі ауа-райы температурасы -35 градусқа дейін жетіпті.

Тексеру нәтижесінде, қайтыс болған екі адамның да спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Олар көршілерінің үйіне барып, ішіп үйге келген. Сосын көшеге қайтадан шыққан. Тіпті бұл кезде еркек сырт киімін де кимепті. Ал үйдің есігі автоматты түрде жабылып қалады екен. Ақыры олар өз үйлеріне кіре алмайды. Көршілерден немесе көшедегі адамдардан неліктен көмек сұрамағаны белгісіз.

Бірнеше уақыттан соң аулада жатқан ерлі-зайыптыларды жақын маңда тұратын зейнеткер байқап қалады. Бұл кезде ер адам қайтыс болған, ал әйел әлі де болса тірі екен. Дәрігерлер, оқиға орынына жылдам жетіп, оынң өмірін құтқаруға тырысқанымен, бұл сәтсіз аяқталды.

Полиция қызметкерлері кейіннен үйге кіріп, ер адамның сырт киімін көреді. Ал сырт киімнің ішінен есікті ашатын кілт табылған.

Талқылау