Шығыс ертегісі: сақалды әйелдің бас айналдырар мансабы мен тағдыры

Сақалы бар әйел десе көз алдымызға бірден 2014 жылғы “Евровидение” байқауының жеңімпазы Кончита Вурст елестейді. Бірақ оның сақалы сахналық образының бөлігі саналатынын ескерген жөн. Ал шынайы өмірде қарапайым әйелдер бетіндегі артық шаштан қиналып, қоғамнан қатты қысым көреді.

Харнаам Каур — сақалы бар болғанына қарамастан барлық қиыншылықты жеңіп шығып, бақытын тапқан әйел. Назарларыңызға оның өмірінен қызықты деректерді ұсынамыз.

Харнаамға сақал гормондық бұзылудың салдарынан, поликистоздық без синдромының кесірінен өседі. Бұл синдромға шалдыққан әйелдердің  бетіне шаш өседі, кейде етеккір мерзімсіз келіп, шаш түсіп, бедеулік пайда болады.

Каур 12 жасқа толғанда дәрігерлер оған осы диагнозды қойып берген. Сол кезде онсызда нәзік, арық қыз мамандар жазып берген дәрілерді қабылдаған соң, одан сайын әлсіздене түскен. Қыздың денесіндегі өзгерістерді көрген ауладағы балалар оған жаман лақап аттар қойып, мазақтай бастаған. Осыны көрген анасы қызым сынаққа төтеп бере алмай қалады ма деп қорқып, оны сұлулық салонына алып барған.

“Балауыз, қағаз…Менің қатты айқайлағаным сонша, көрші креслода шашын сөндеп отырған әйел қолынан журналды түсіріп алды. Мен мұны күнделікті істейтінмін. Себебі, шашым өте тез өсетін. Ал тері жазылып үлгермейтін. Сондықтан әр кез сайын қаттырақ ауыратын”, — дейді Каур.

Харнаам Каур салонға барса да, намысқа тиетін ауыр сөздердің легі таусылған жоқ. Бетіндегі шашын алдыртқаннан кейін, сыныптастары қыздың өз түрінен ұялатынына сенімді болды. 15 жасқа келгенде Харнаам өз-өзіне қол жұмсауды ойлайды. Бір күні ол осы жоспарын жүзеге асыру үшін дәрілерді уыстап ішкен екен. Бірақ бір қызы, осы оқиға оның өмірінің түбегейлі өзгеруіне септігін тигізген. Харнаам Каур  эпиляциядан бас тартты.

Ол бетіндегі шашымен арпалысудың орнына, кішкентай інісімен аулада ойын ойнауды жөн көреді. Өзін бақытты сезінеді. Сонымен қатар, дәл осы сәттен бастап, өз-өзімен мақтанып,  басына орамал тағады.

Соның өзінде де ару қоғамның қысымын сезінетін. Себебі, адамдар оған еркекке ұқсайтынын айтып, ешқашан күйеуге шықпайтынын, жұмысқа тұрмайтынын сөз еткен. Кәсіби және жеке өміріндегі қиындықтарға қарамастан, ол айтқанынан қайтпай уақыт өте сүйіктісін кездестіріп, жұмысқа да тұрды.

Бүгінгі күні Каур өз сақалынан қысылмайды. Қызғылт түсті далап жағып, пирсинг тағып оларды сақалымен үйлестіре біледі. Түрлі сән түсірілімдеріне қатысады.

“Адамдардың маған деген реакциялары қызық. Мысалы, еркектер бірінші көзіме, сосын сақалыма, артынан кеудеме қарайды. Бұл әркез қайталанады”, — дейді ол The Guardian басылымына берген сұхбатында.

Адамдар сирек кездесетін жануарды көргендей оны суретке ұмтылады. Жеккөрінішпен қарайды. Осындай қарым-қатынасқа Харнаам Каур бойжетсе де үйрене алмаған. Бірақ ол барлық негативті қабылдамай, бұғаттауды, біледі.

Оның барлық әлеуметтік желілерде парақшасы бар. Желі арқылы ол, қоғамнан қысым, зұлымдық көрген адамдарға кеңес береді.

“Әйел бақытты болуы үшін белгілі бір образды ұстанбауы керек. Нәзік жандылар осыны түсінсін деп көптеген журналдармен және түрлі телевизиялық бағдарламармен бірігіп жұмыс істеймін”, — дейді ол.

2016 жылдың наурызында Харнаам Каур Лондонда өткен сән Аптасына қатысқан сақалы бар бірінші әйел атанды. Сондай-ақ ол Гиннес рекордтар кітабына сақалы бар ең жас әйел ретінде енген

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар