Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шығыс әйелдеріне тән стереотиптерді бұзған Сауд Арабиясы ханшайымы (фото)

33 жастағы Сауд Арабиясы ханшайымы Амира ат-Тавиль өзінің керемет бастамаларымен әлемді одан әрі гүлдендіруге атсалысып жүр. Мұндай жанның өміріне бір сәт үңілмей өте шығу да мүмкін емес.

11836515-A8FZ80xCYAEyltZ-1467837898-650-b0dad2e102-1468505510

Амира сұлу, еркін, өзіндік мақсаттары бар, өзіне сенімді әйел. Ол гуманитарлық мәселелермен тек өз елінде ғана емес, бүкіл әлем бойынша айналысады. Ол түйіні күрделі мәселелерді шешу жолында әлемнің 70-тен астам мемлекетінде болған.

11836415-10982164_1396100510706872_4047132533999793453_o-1468042459-650-f694057b63-1468505510

Ханшайым түрлі апат салдары және кедейшілікпен күресіп келеді. Ол түрлі қайырымдылық қорының ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, Батыс Африкада арнайы баспана салған. Су тасқынынан зардап шеккен Пәкістандықтарды жағдаймен қамтамасыз етіп, Кембридж университетінде Ислам зерттеу орталығын ашты. Сомалиге көмек көрсету миссиясын да тізгіндеді.

11836865-11067507_1396050347378555_3539450066980930006_n-1468042507-650-b3a1b0e800-1468505510

Ол өз елінде әйелдерге арналған ұзын әрі кең етекті көйлектен бас тартқан алғашқы нәзік жанды. Үнемі европалық стилде киінеді. Алайда заманауи киімдерінің өзінен кейде шығыс өрнектерін де байқауға болады.

11836715-111-1468323636-650-4ba02da12c-1468505510

Амираның өмір сүру салты дәстүрлі салттан сәл алшақ. Ол өзі көлік жүргізеді, АҚШ-та алған жоғары білімі бар, іскерлік әкімшілік саласында да дәрежесі бар. Ханшайым елдегі барлық әйел бұл сауалдар бойынша таңдау жасауға және бақытқа жетуге тиісті деп санайды.

11836615-222-1468323756-650-4267a9af80-1468505510

Ол нағыз сұлулықтың, ақылдың, қайырымды жүректің иесі. Әрине, ондай адамдар әлемді жарқын ете түседі.

Талқылау