«Шығыс аруы – 2017» атағына 18 жасар студент ие болды (фото)

Жексенбі, 14 Мамыр , 2017 20:34

Өскеменде дәстүрлі «Шығыс аруы – 2017» байқауы өтті. Шығыс Қазақстанның ең талантты, білімді сұлу қыздары сайысқа түсті. Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды.

20170514133847

Қатысушылар өздерінің хореографиялық, шығармашылық және вокалдық  өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды YK-news.kz.

20170514miss_0051

Үнді және қазіргі  заманғы би биленіп, қазақ, орыс және шет тілдеріндегі әндер орындалды.  Тіпті қатысушылардың бірі төрешілердің алдына өзі дайындаған тортын ұсынды. Бұдан өзге, қатысушылардың білім деңгейі сыналып, түрлі интеллектуалдық сұрақтар қойылды.

20170514miss_0052

«Шығыс аруы – 2017»  атағына ШҚМУ студенті 18 жасар Назерке Серікова ие болды.

20170514miss_0095

«Байқауға қатысушылардың барлығы да жеңіске лайықты. Барлығы әдемі.  Бірақ, мен жеңіске жетуді қатты армандадым. Осымен тоқтап қалмай, өзімді әрі қарай дамытып, болашақта басқа да жетістіктерге қол жеткізгім келеді», – дейді Назерке.

Барлық байқау қатысушыларына арнайы сыйлықтар мен грамоталар табысталды.

«Қазылар алқасына байқаудың әділ бағасын беру оңайға соққан жоқ. Дегенмен барлық жағынан оқ бойы озып шыққан жеңімпазды анықтадық», – дейді байқаудың ұйымдастырушысы Лаура Тұртыбекова.

Кристина Даутова

Тағы да оқыңыз:

Танымал қазақстандық журналисті пойызда пышақтап кетті

Қарағандыда жоғалған қыз жаңалықтардан анасының шексіз махаббатын оқып үйіне өзі оралды

Қой құлағының ішінен тістері бар ауыз шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар