Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыға алмай қалған: Кегенде құдықтан су сормақ болып уланған жігіттердің өлімі

Алматы облысы Кеген ауданындағы Алғабас ауылында үш жас жігіт құдықтан су сормақ болып, уланып өлді. 24-25 жастағы жігіттердің бірі ескі құдықтан су шықпай қалғандықтан оны жөндемек болып, тереңдігі 13 метр болатын ұңғымаға түскен, деп жазады Stan.kz Алматы облыстық ТЖК баспасөз қызметіне сілтеп.

 Шыға алмай қалған: Кегенде құдықтан су сормақ болып уланған жігіттердің өлімі

Сурет: 31 арнаның бейнематериалынан алынды

Алайда, мотор орнатпақ болған азамат одан шыққан газға уланып, бірден есінен танып қалған. Артынша оны құтқаруға тырысқан екі жігіт те улы газға тұншығып, құдықтан шыға алмады. Ал, құдықтан су сормақ болып ажал құшқан жігіттердің мәйітін ауыл тұрғындары өздері алып шыққан.

Бұл қайғылы оқиғаны Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті де растап, түсініктеме беріп өтті.

«2018 жылдың 12 тамызында сағат 21:45-те Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Кеген ауданы Алғабас ауылының маңындағы құдықтың суын сору кезінде үш жас жігіттің мотор сорғысынан шыққан газдан уланып, қайтыс болғандары туралы ақпарат түсті», – деп хабарлады Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау