Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыдамдылығым сатып алынбаған: Жұлдыз Әбдікәрімова “ақшаның арқасында бақытты” дейтіндерге жауап берді

10 жыл бойы үйде отырған Жұлдыз Әбдікәрімоваға “ақшаның арқасында бақытты шығарсыз, үнсіз отырғаныңыз да сондықтан” деп пікір жазатындар көп. Алайда Қайрат Нұртастың келіншегі бұл ойдың жаңсақ екенін айтады, деп жазады Stan.kz акпараттық агенттігінің тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова

Жұлдыздың пікірінше, нағыз бақытты байлықтан іздейтіндер қателеседі.

“Көпшіліктеріңіз бақыт ақшада немесе материалдық құндылықтарда деп ойлайсыздар. Менің шыдамдылығым ақшаға сатып алынған деп жазасыздар. Бірақ өте қатты қателесесіздер. Әр адамның өзінің өмірлік ұстанымы мен өмірге деген көзқарасы болады. Егер сіз солай ойласаңыз, екеуміздің көзқарасымыз мүлдем екі түрлі екен. Неге дерсіз? Себебі менің ойымша, бақыт ақша мен байлықта емес. Бұл жерде бар өмірімді баяндап, хикая жазғым келмейді.

Әсіресе, 2007 жылдан, яғни отбасылық өмірге аяқ басқаннан бастап жазатын болсам, бір кітап шығатын шығар. Сондықтан мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын”, – дейді Жұлдыз.

Бұл орайда Әбдікәрімова отбасын сақтап қалу үшін жас келіндерге берер бірнеше кеңесін де айта кетті.

“Бұл өмірде бәріне де шыдауға болады, ең бастысы, соңғы сәтте сынып қалмау. Ең бастысы (әсіресе, жас келіндердің құлағына алтын сырға) отбасыңызды ойран етуге ешкімге де жол бермеңіз, шаңыраңызға ұрыс-керістің кіруіне рұқсат бермеңіз”, – деп түсіндірді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау