Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыбық тістеп ағаш тесігінен құрт-құмырсқа шығаратын қарғалар (видео)

Сент-Эндрюс университетінің ғалымдары қарғалардың бір түрі азығын табу үшін құрал қолданатынын анықтады.

сс

Гавай қарғалары таяқшаның көмегімен ағаштағы тесіктерден құрт-құмырсқаны шығарады, – деп хабарлайды 24.kz.

Ал ыңғайлы болу үшін ақылды құстар кейде артығын тістеп тастайды екен. Өзіне қажет шыбықты жерден таба алмаса, бұтақтардан жұлып алады.

Осыған дейін таяқшаны құрал ретінде Жаңа Каледония аралында тұратын қарғалар пайдаланатыны белгілі еді. Ал Гавай қарғасы екі мыңыншы жылдардың басында табиғатта құрып кеткен және қазіргі кезде тек хайуанаттар бақтарында сақталған.

Жіберіп алмаңыз:

Шағала құс өзін алдамақ болған адамды таңқалдырды (видео)

Жабайы табиғатты түсіретін фотограф басын қатерге тігіп, қыран құсты батпақтан шығарды (видео)

Ұзынағашта үй шатырының опырылуына құстың саңғырығы себеп болған

Талқылау