Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарлар жұмыс істемей-ақ ай сайын 2500 евро алатын болды

Швейцария билігі ай сайын ел азаматтарына 2500 франк (2500 евро) көлемінде ақша беру беру туралы шешімді дауысқа салып жатыр.

1454256791_oldest-tram-of-bern-flickr-c

Бұл туралы The Independent хабарлайды.

Егер бұл ұсыныс мақұлданса, Швейцария елі әлемде халықты ай сайын тегін ақшамен қамтамасыз ететін алғашқы мемлекет болмақ. Қазір де Швейцария  осы тақырыпты дауысқа салып жатқан алғашқы ел болып отыр. Сондай-ақ, әр балаға ай сайын 625 франк төлеу де ұсынылып отыр.

Demoscope компаниясының зерттеуіне сәйкес, швейцарлардың басым бөлігі жұмыстарын жалғастырып істей береді, тіпті бастама заң жүзінде мақұлданса да олар жұмыс іздеулерін тоқтатпайтын көрінеді. Тек, 2 пайызы ғана жұмыс істеуді тоқтатаныны айтқан. Ал, 8 пайызы жағдайға байланысты қарастырып көреді екен, 56 пайызы бұл ұсыныс іске аспайды деп сенеді.

Аталған бастама заң жүзінде бекітілетін болса, ел үкіметінен жылына 208 миллиард көлемінде қаржы жұмсалмақ. Ал, үкіметтің кіріс көлемін салыстырсақ, салықтан 150 миллиард, әлеуметтік сақтандыру қорынан 55 миллиард қаржы түседі.

Талқылау