Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық компания Головкиннің құрметіне сағат шығармақ

Hublot компаниясының бас директоры Рикардо Гвадалупе таяу күндері сатылымда WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің құрметіне қолсағат пайда болатынын айтты.

Безымянный

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Белгілі болғандай, сағаттар алдымен Мексикада сатылып, кейін әлемдік нарыққа шығады. Hublot пен WBC ынтымақтастық туралы келісімге 2012 жылы қол қойған болатын, содан бері бірлесіп белсенді жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ Hublot “Баварии”, “Челси”, “Ювентус”, Пеле, Кобе Брайант пен Усэйн Болт, т.б. танымал спортшылардың құрметіне сағат шығарған.

Талқылау