Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық банктер сұрауы жоқ миллиондаған ақшаның мұрагерлерін іздеп жатыр

Швейцария банктері ерекше проблемаға тап болып отыр: оларда жарты ғасырдан бері иелері іздеп келмеген ақша қоры жиналып қалған.

swiss_bank

Фото: abc.net.au

Егер адам расымен сол адамның мұрагері екенін заңды түрде дәлелдей алса, банкирлер аталмыш миллиондарды беруге дайын.

2015 жылдың 1 қаңтарында Швейцария парламентінде қабылданған заң бойынша, клиент 10 жыл уақыт ішінде банкпен байланысқа шықпаса, ақшасын салғаннан кейін 50 жыл бойы хабар білдірмесе, онда ақшаны мұрагерге беру ісі басталады.

Швейцария үкіметі арнайы dormantaccounts.ch сайтын құрған. Оған кез-келген адам кіріп, елдегі банктердің бірінде тіркеулі тұрған адамдардың бірі өзінің туысы ма, емес пе сол ақпаратты тексере алады. Қазіргі таңда сұрауы жоқ иелердің тізімі 197 елдің өкілімен толығып тұр.

Осы жылдың қараша айында Швейцария банктері 1956 жылдан бері хабар-ошар жоқ 300 адамның аты-жөнін жариялаған болатын. Олардың барлығын қосқанда 8 миллион доллар иесіз қалған.

Оқи отырыңыз:

Құранды сүйген Беларусия президенті сынның астында қалды

9 жасар бала өзінің 11 айлық інісін құтқарып қалды (видео)

Қытайда робот адамға шабуыл жасады

Мұсылман қыздың Трампқа айтқан жауабы ғаламторда қызу талқылануда

Талқылау