Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық әйел Сібірден Австралияға дейін жаяу жүріп өткен

Швейцария тұрғыны Сара Маркуис өміріндегі ең ұзақ сапарға шығуға бекінеді. Алдына мақсат қоя білген ол 16 мың шақырым жерді жаяу жүріп өткен. Сапар Сібірден бастап Австралияға дейінгі аймақты қамтыған.

Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.

Екі құрлық арасындағы ұзақтық 1000 күнге созылған. Ал, жалпы сапарға 3000 күн кетіпті. Бұл уақыт аралығында әйел алты мемлекетке барып, сегіз жұп аяқ киім ауыстырып, үш мың шәйнек шәй ішкен. Ол Гоби, Лаос пен Таиландтағы шөлдерді жаяу басып өткен. Ертеректе, ол Жаңа Зеландия мен АҚШ аралығын да жаяу бағындырған болатын.

Оның Швейцария табиғатына сүйсініп өсуі, әлемді аралауға деген арманын оятқан. Ол 8 жасында итімен бірге қашып кетіп. үңгірлерде түнейтін болған. Ол адам саяхатшы атанбайды, саяхатшы болып туады дейді. 

Талқылау