Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарияда мысық адасып кеткен саяхатшыны құтқарып қалды (фото, видео)

Құтқарушылардың жұмысына иттер ғана емес, мысықтар да көмектесе алады екен.

1371

Бұл туралы  bigpicture.ru хабарлайды.

Швейцарияға барған саяхатшы тауда жүріп адасып кетіп, жабық тау-шаңғы кешенінен бір-ақ шығады.

2234

“Мен қонақүйге дейін қалай барады деп телефонымның картасына кіріп тексердім. Қай жерде тұрғанымды да анықтадым. Тек жалғыз жол, жабық өткен арқылы ғана тұр екен”, – дейді ол.

32

Сол кезде күтпеген жерден мысық пайда болып, адасып кеткен саяхатшыны өзімен бірге ертіп жүреді. Әрдайым тоқтап артына қарап, адамды “келе жатыр ма” дегендей бақылап отырған.

4142

Осы оқиға әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін, көптеген адамдар сол мысықтың аталмыш жерде үнемі жүретінін айтып, тіпті дәлел ретінде суреттерімен де бөліскен. Сірә, бұл кішкентай мысық жолаушыларға жол көрсетуді өзіне міндеттеп алған секілді.

Талқылау