Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарияда мұсылман оқушылар мұғалімдермен қол алысудан бас тартты

Швейцария мектептерінде оқушылар мен мұғалімдер сабақ басталардан бұрын және біткеннен кейін дәстүрлі түрде бір-бірімен қол алысады. Алайда мектептің 14, 15 жастағы екі оқушысы бұл әдет өздерінің діни сенімдеріне сай келмейтіндігін айтқан.

39627-INNERRESIZED600-600-2012-10-03_145642

Сурет islamreview.ru

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мектеп әкімшілігі екі оқушының қол алыспай жүруіне рұқсат берді. Тервиль басқарма кеңесі шешімді қабылдаған жоқ, бірақ, негізгі шешім қабылдау құзыреті мектеп басшылығына тиесілі екенін айтты. Алайда бұл шешім саясаткерлердің сынына ұшырады.

Әділет министрі Симонетта Соммаруга мектепте мұғалімдермен қол алысу бұл швейцар мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін жеткізді. Білім министрі Кристоф Эйман болса бұл жерде әйел мұғалімдерге қатысты кемсітушілік орын алғанын айтуда.

Талқылау