Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарияда бауыр мен кеуделері жабысып туылған сиам егіздеріне бөлу отасы жасалды

Швейцариялық Берн госпиталінде сиам егіз-қыздарды бөлу отасы сәтті аяқталды, деп хабарлады Би-би-си қызметі.

1750613

Швейцариялық БАҚ хабарламасына сәйкес ота желтоқсанда жасалған, алайда ол жайлы ресми енді ғана хабарланды. Ота қыздардың туылғанына сегіз күн өткен соң жасалған. Нәрестелердің бауыр мен кеуделері жабысып туылған. Бұл дүниеге келгенінен бірнеше күн өткен сиам егіздеріне жасалған алғашқы сәтті ота.

Ота 5 сағатқа созылған. Оған 12 дәрігер қатысты.

Бастапқыда отаны бірнеше ай өткен соң жасамақшы болған,  алайда нәрестелердің денсаулығы нашарлаған соң, дәрігерлерге шұғыл ота тағайындауға тура келген.

Дәрігерлердің айтуынша, оларды бөлу нәрестелердің өмірін сақтап қалу үшін жалғыз ғана мүмкіндік болған.

Мұндай оталарда 100-ден бірі ғана тірі қалады.

Талқылау