Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын әрі ең терең теміржол туннелі ашылды

Швейцарияда кеше 1 маусым күні әлемдегі ең ұзын әрі ең терең туннель ашылды. Оның құрылысы 17 жылға созылып, 11 миллиард евро жұмсалған.

160601075246_gotthard_tunnel_and_workers_624x351_afp_nocredit

Сурет bbc.com

Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Ашылу салтанатына 600-гу жуық әртіс пен музыканттар қатысқан. Европалық Одан елдерінің көшбасшылары да салтанатты мерекеге шақырылыпты. Солтүстік пен батысты байланыстыратын бұл туннелдің Европа елдері үшін маңызы зор.

Поыйздардың бұл туннелмен тұрақты түрде қозғалысы осы жылдың желтоқсан айында басталмақ. Жалпы, туннелдің ұзындығы 57 шақырымға жетсе, тереңдігі 2,3 шақырым. Туннель арқылы жолаушылар пойызы сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіп, жыл сайын 15 мың адамды тасымалдайды деп күтілуде.

Талқылау