Швейцария «Ғаламшар аруы-2017» байқауына аяғы қысқа бойжеткенді жіберді
Швейцария елінің намысын қорғаушы Диана Цвиетич 30 қаңтар күні әлемнің ең сұлу аруы атағына таласады.
Әлемнің ең сұлу арулары Филиппин еліндегі Себу аралына аттанды. 30 қаңтар күні мұнда «Ғаламшар аруы-2017» байқауы өтеді. Қатысушылар алғаш рет сахнаға шығып, купальникпен жүріп өтті.
Арулар арасында Швейцария еліннің намысын қорғаушы қыз бірден көзге түсті. Өйткені, оның сымбаты подиум параметріне сай келмейді.
23 жастағы Диана Цвиетич жайлы көпшілік қызу талқылап жатыр. Алайда, Диана өз елінде беделді модель саналады. Оның сымбаты «90-60-90» параметрімен сәйкес келмейді. Өйткені, бойы да ұзын емес, аяғы да қысқарақ. Бірақ оны өзіндік қасиеттері мен сексуалдығы ерекшелендіріп тұрады.
Диана спортпен шұғылданғанды, теңіз жағасында демалғанды жаны сүйеді. Ол 2014 жылы да ел атынан осы байқауда бақ сынады. Бірақ, жартылай финалға өте алмай қалған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызы туралы: Ол менің өмірімді өзгертті
Баян Есентаеваның жаңа сүйіктісінің екі ересек баласы бар (фото)
Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)