Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шведтер алкогольді балмұздақтың таралуына қарсылық танытты

Шведтер 5 пайыздың алкоголь деңгейі сақталған “N1ce” балмұздағының жарнамасына реніш білдірді. Бұл сусынға жатпайтын болғанықтан, алкогольге қарсы заңнамамен реттелмейді.

вммв

Сурет ru.sputnik.az

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Мұндай балмұздақтарды 18 жасқа толған құжатты көрсету арқылы ғана алуға болады.

“N1ce” балмұздағы дүкен сөрелерінде былтырғы жылдан бастап орын алған. Швецияның өзінде бұл тәттінің 1,5 миллион данасы сатылып кетіпті. Өндірушілер, мохито, маргарита, дайкири деп аталатын бірнеше дәмдеуіштер қосқан. Олар балмұздақ құрамына алкоголь дәмділікті арттыру үшін қосылып отыр деп уәж айтқан.

“Заң алкогольді өнімнің сұйық емес күйде таралуына қарсы. Бұл компанияның маркетингтік жүрісі бірінші кезекте жасөспірімдерге бағытталып отыр”, – дейді заңгер Кристина Валлин.

Щвеция заңнамасына сәйкес алкогольді балмұздақтар азық-түлік сататын дүкендерде сатылуы тиіс. Ал елдегі ең ірі mathem.se супермаркеті ұзақ уақыт талқылаудан кейін барып аталған балмұздаққа өз сөресінен орын берді.

Ал балмұздақты өндіріп отырған компания болса ешқандай заңды белден басып отырған жоқпыз дейді. Олар “Ішімдік ішкіңіз келе ме? Ендеге мейлінше арзан әрі қарапайым тәсілі бар” деген ұранды алғышарт еткен. Ал елдің денсаулық сақтау министрлігі болса бұл балмұздақтың сатылуына тыйым салыну керек деп есептейді.

Швеция мемлекеті, Белорусия, Ресей, Украина, Балтық жағалауы және Скандинавия елдері секілді “Европаның алкогольді белдеуі” елдері қатарына жатады. Швеция алкогольдік ішімдіктердің сатылуын бақылауды 1995 жылы Евроодаққа кіргеннен кейін тоқтатқан. Сол кезден бері елде алкоголь қабылдау көлемі өскен. Егер 1996 жылы бір адамға 8 литрден келсе, бұл көрсеткіш 2013 жылы 9,9 литрге жеткен. Сонымен қатар, бір литр алкоголь бағасы да төмендеген.

Талқылау