Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швед азаматы желмаяға мініп қазақ даласын аралап жүр

Қазақстанды түйемен жүріп өтуді мақсат еткен Кристиан Бодегрен есімді швециялық азамат Қызылорда облысы өңіріне табан тірепті.

ZHi-ankez-(1)

Бұл туралы qazaly.kz хабарлайды.

Елімізге өткен жылы қазан айының басында келген оның негізгі мақсаты – Каспий теңізіне жетіп, Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу екен.

Ал ұзақ әрі ауыр сапарға төзімді түйені Шығыс Қазақстан облысынан сатып алыпты. Скандинавиялық жиһанкезге Қазақстанның табиғаты, адамдары және тамақтары қатты ұнаған. Сапар барысында қымыз, шұбаттан дәм татқан. Ұлттық тағамымыз да көңілінен шығыпты.

“Ұлы Жібек жолында орналасқан Қазақстанның табиғаты мен адамдары қатты ұнады. Қазақ даласының тап-таза ауасы, мөп-мөлдір өзен-көлдерінің сұлулығына тамсандым. Каспий теңізіне жеткен соң түйемді сатып, Астана қаласында өтетін ЭКСПО көрмесін тамашалаймын. Көрмеге келген ту­ристерге осында түсірілген роликтерді көрсетемін, – дейді Кристиан Бодегрен.

Бір қызығы, Кристиан бұл сапарға түйемен шықса да, ойсыл қара тұқымына қажетті дүниелерін ғана артып, өзі жаяу жүріп келеді. Сегіз айға жоспарланған саяхатты уақытында аяқтау үшін жиһанкез түнде тамақтанып, ұйықтап, күндіз тоқтамастан жүріп отырады.

Бұдан бұрын саяхатшы төрт ай ішінде Моңғолияны түйемен жүріп өтіп, сол елдің табиғатын тамашалаған.

Жеңісбек Айымқұлов

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Талқылау