Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швециялық шаңғышы бес ай комада жатқаннан кейін есін жиды

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, швециялық фристайлшы Анна Хольмлунд бес ай бойғы медиакаментозды кома күйінен кейін есін жиды.

C0GLbsZWEAAnP4b

Бұл туралы Local.se порталы хабарлайды.

Ол 2016 жылғы желтоқсан айынан бері ес-түссіз жатқан.

Есін жиып өз-өзіне келген спортшы, қазір сөйлесе алады. Жазда ол өзінің туған қаласы Сундсвальға барып сауықтыру шараларын жалғастырмақ.

Хольмлунд италиялық Больцано қаласына әлем кубогы кезеңіне дайындалу кезінде 19 желтоқсан күні бас-ми жарақатын алған еді. Кезекті жаттығу кезінде фристайлшы қыз тепе-теңдігін сақтай алмай, баспен құлап есін жоғалтады.

Олимпиада ойындарының қоласынан бөлек, оның еншісінде 2011 жылғы әлем чемпионатының қола медалі де бар. Сондай-ақ, ол ски-кросс бойынша да әлем кубогының үш дүркін жеңімпазы.

Оқи отырыңыз:

Желіде Головкин-“Канело” жекпе-жегінің жаңа проморолигі пайда болды (видео)

Футболшы 3 жасынан бастап кумир тұтқан әйгілі қақпашысына Чемпиондар Лигасында гол соқты (видео)

Головкин-Альварес жекпе-жегі Азия құрлығында өтуі мүмкін

Кішкентай бала футбол матчынан соң тікелей эфирге кіріп кетті (видео)

Талқылау