Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдіктер шведтерге қоңырау шалып, кез келген тақырыпта сұрақ қоя алады

Швед туризм ассоцияциясы кез келген шетел азаматы хабарласа алатын арнайы байланыс нөмірін тіркеді.

828886116526e788f15e3b0.10814322_articles_main_big (1)

Сурет: sunny7.ua 

Бұл нөмірге хабарласқан шетелдіктер шведтердің қандай түскі, кешкі ас ішетінін білуіне болады. Тіпті, футбол, ауа-райы, саясат сынды өзі білгісі келген тақырыпта сұрақ қоя алады. Болмаса жай ғана әңгіме айтқысы келсе де, хабарласуына тыйым салынбайды.

Туризм ассоцияциясы атағандай еріктілер ұйымның сайтына тіркеледі. Осыдан кейін олар шетелдіктердің қоңырауына жауап беретін болады. Коммутатор қоңырауларды кез келген елшісіне жібере береді.

Туризм ассоцияциясы егер қоңырауға ешкім жауап бермесе, шетел азаматының кешкі уақытта немесе түн ішінде хабарласып тұрғанн болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан әр елдің уақыты әр түрлі болуына байланысты сағат уақыттарын біліп алу артықтық етпейді.

Сондай-ақ, сәуір айының соңында Швецияда мереке күні болғандықтан, ол күндері де қоңырау шалмаған дұрыс болады. Ал, қалған уақытта шетелдіктер +46-771-793-336   нөміріне хабарласа алады.

Алғашқы күні қоңырау шалушылардың көбі Түркия азаматтары болған.

Талқылау