Швецияда сатушысы жоқ дүкен ашылды

Сенбі, 5 Наурыз , 2016 10:37

Швецияның Викен қалашығында швед кәсіпкер Роберт Ильясон сатушысы және кассалық аппараты жоқ тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен ашылды.

735x397x18d2f6c03d8d88a1f7216c830d86b553.jpg.pagespeed.ic.UEP3FFNsom

Сурет: www.iguides.ru

Роберттің басына осындай дүкен ашу туралы ой, ол баласына түн ішінде тамақ сатып ала алмағанда келіпті. Өйткені маңайдағы дүкендер жабылып қалған, ал ең жақын супермаркетке баруға 20 минут уақыт керек екен.
Қаңтарда Ильясон тәулік бойы істейтін өзінің азық-түлік және жас балаларға қажетті тауарлар сататын дүкенін ашқан. Дүкенге тек ұялы телефондағы қосымша арқылы кіруге болады. Пайдаланушылар тауарлардың штрих-кодтарын қосымша арқылы сканерлерей отырып сауда жасайды. Сатып алушыға есептесу қағазы айдың соңында бір рет қана жіберіледі. Дүкенде дәрі-дәрмек пен темекі сатылмайды, сондай-ақ Швецияда азық-түлік дүкенінде ішімдік сатуға тыйым салынған.
Дүкеннің аумағы – шамамен 45 шаршы метр. Онда алты бейнебақылау камерасы орнатылған. Егер есікті біреу сегіз секундтан артық ашып тұрса, немесе оны бұзуға әрекеттенсе дүкен иесіне SMS хабарлама келеді. «Мен жақын жерде тұрамын, бірдеңе бола қалса қысқа сүйменді алып жетіп келемін», – деп күледі ол. Әзірге ондай оқиға болмаған екен.
Роберт Ильясон өз бастамасын кенттер мен шағын қалашықтарға таратуды ойлап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар