Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швецияда белгісіз біреулер мешітті өртеп жіберді

Швецияның Эребру қаласындағы мешіт қызыл жалынға оранды.

Бұл туралы «SVT» телеарнасы хабарлады.

Ғимараттың бір бөлігі толықтай өртеніп кеткен.

Полицейлердің айтуынша, оқиға қасақана өрт қою салдарынан болған. Құтқарушыларға мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабар Астана уақытымен таңғы сағат 05.00-те түскен.

Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Бірақ тілсіз жаудың көрші үйлерге таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.

Өртке оранған мешіт 2007 жылы бой көтерген. Оған ай сайын келушілердің саны мыңнан асады.

Оқи отырыңыз:

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

АҚШ-та қарындасын қорғамақ болған 8 жасар баланы балғамен аяусыз ұрып өлтірді

Қытайда енді WhatsApp бұғатталды

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

Талқылау