Швецияда белгісіз біреулер босқындарға арналған баспаналарды қасақана өртеп жіберді

Сенбі, 12 Наурыз , 2016 20:30

Өткен түні Швецияда босқындарға арналған бірнеше баспананың күлі көкке ұшты. Полиция орталықтарға қасақана өрт қойылған деп топшылап отыр.

150924085558_migrant_crisis_promo_640x360_reuters

Сурет bbc.com

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Елдің батыс жағалауындағы Бурос қаласының маңында орналасқан бұрынғы абақтының үш ғимараты отқа оранды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды лезде ауыздықтаған. Бұл баспаналарға ел билігі 100-150 мигрантты қоныстандыруды жоспарлаған.

Бұған қоса, Клиппан елді мекеніндегі бұрынғы мектепке де белгісіз біреулер терезеден жанып жатқан зат лақтырған. Салдарынан білім ошағының ғимараты өртеніп кетті. Абырой болғанда, ғимарат бос болған, зардап шеккендер жоқ. Тәртіп сақшылары әзірге күдіктілердің ізіне түскен жоқ. Өткен жылдың соңғы 3 айында Швецияда босқындарға арналған 58 орталық әдейі өртелген екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар