Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швецияда әйелдердің кеудесін жалаңаштап жүруіне рұқсат етілді

Швеция билігі әйелдердің қоғамдық орындарда кеуделерін жалаңаштап жүрулеріне рұқсат берді.

1871824

“Дүниетанымдары сәйкес келмейтін мәдени және діни қақтығыстар орын алып отыр. Мұсылмандар суға түссе де киіммен түседі”, – дейді Стокгольмдегі қоғамдық монша иесі Карина Энгстром.

Заң қабылдаушылардың айтуынша, бұл қабылданған заң дәстүрлі емес сексуалды бағыттағы адамдар проблемасын шешуге көмектесуі мүмкін екен.

Құжаттың бастапқыда трансгендерлік мәселені шешу үшін жасалғанына қарамастан, кейін бұл нағыз нудизмді жекешелендіруге бағытталған заңға айналды. Шведтердің 61 пайызы әйелдердің жалаңаш жүруін қолдайтынын айтқан. Әйтсе де әйелдердің қоғамдық орында киімнің үстіңгі бөлігінсіз еркін жалаңаш жүруі үлкен резонанс тудырды. Көбінесе бұнымен сол елдегі мұсылмандар келіспейді.

Бұған қарсы уәж айтушылар, әйелдердің денесінің үстіңгі бөлігін ашып жүруі, жыныстық зорлау санын арттыруы мүмкін дейді.

Талқылау