Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швецияда адам ағзасын басып шығаратын 3D-принтер қолданысқа шықты

Cellink стартапын ойлап шығарған Эрик Гатенхольм арнайы 3D-принтер арқылы адам ағзасын басып шығаруға болатынын көрсетті.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

28 жастағы швециялық өнертапқыш 20 жылдан кейін аталмыш технологияның көмегімен ауыстырып салуға болатын адам ағзалары шығарылатынына сендірді.

Cellink-те органикалық жасушалардан құралған «биосия», яғни басып шығаруға арналған сұйықтық шығарылады. Бұл сия Швеция ормандарынан табуға болатын целлюлозадан және теңіз балдырларынан алынатын альгин қышқылдарынан жасалады.

Компания әлемде бірінші болып ғаламтор арқылы адам жасушаларының кез келген типімен араластыруға болатын стандартталған сияны сатылымға шығарды.

«Бастапқыда біз медицина әлемін өзгертуді мақсат тұттық. Сонымен қатар біздің технологиямыздың әлем лабораторияларында қолданылғанын қаладық», – дейді Гатенхольм.

Оқи отырыңыз:

Қытай хирургтері адамның басын жансыз денеге ауыстырды

Құлағыңыз денсаулығыңыз жөнінде көп нәрседен хабар бере алады

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісік ауруына шалдығады

Көкшетау тұрғыны ғаламторда дәрігердің қарамағанын жазғаны үшін сотта кінәлі болды

Талқылау