Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швеция тұрғыны алты қабырғасын алғызып тастаған

Швеция түрғыны белінің өлшемін 40 сантиметр ету үшін 6 қабырғасын алғызып тастаған. Ота жасауға 120 000 АҚШ доллары жұмсалды.

12940697_1201153973258662_1276665705_n

Пикси Фокстың айтуынша, отадан кейін үнемі корсет киіп, оны тек душқа түсерде не фитнес-жаттығулар уақытында шешеді екен.

Сонымен қатар, әйел төсін үлкейтіп, ботокс енгізіп, қасына, көзі мен ерніне татуаж жасатқан.

pixee_fox_body_modification_06

«Қазір мен сирек кездесетін процедура жасатып жатырмын. Қандай процедура екенін әзірге айта алмаймын», – дейді Фокс.

Пиксидің мультипликациялық кейіпкер Джессика Рэббит пен Холли Вудқа ұқсағысы келеді. Екі кейіпкер де – құмырсқа бел мен толық пішін иесі.

ad0aa6d29b548067dfe3d4001760608f

Швециялық Пикси Фокс 2015 жылдың қараша айынан бастап сырт келбетіне өзгеріс енгізген. Мақсатына жету үшін еттен бас тартып, күн сайын 2 сағаттан 5 сағатқа дейінгі уақытын жаттығу залында өткізеді.

Талқылау