Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шварценеггер етті аз жеуге шақырды

Парижде ББҰ-ның ауа-райының өзгеруіне байланысты өткен конференциясында актер, саясаткер Арнольд Шварценеггер етті аз жеуге шақырды.

arnold00

«Негізі етте түбегейлі бас тарту жақсы идея. Бірақ адамдар оған келіспейді. Адамдарға вегетерианец болуды талап ету тым қатал. Одан гөрі етті аптасына бір немесе екі күн жемесе, еттің қолданысын ақырындап азайта берсе», – дейді Арнольд Шварценеггер.

Актердің айтуынша, еттің көп желініуі жер шарының экологиясына әсер етеді. Себебі, жылыжай газының жалпы көлемінің 28 пайызы малшаруашылығынан алынады екен.

Париждағ БҰҰ ауа-райының өзгеруі бойынша өтіп жатқан конференция 30 қарашадан 11 желтоқсанға дейін болады. Онда Ресей мемлекетінің президенті Владимир Путин, АҚШ перзиденті Барак обама, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Ұлыбританияның премьер-министр тағы басқа да беделді адамдар қатысты.

Арнольд Шварценеггер 1960-1970-жылдары мәдениетші ретінде танылды. 1980-жылдары «Терминатор», «Коммандо», «Хищник», «Красная жара» фильмдері арқылы танымалдылыққа ие болды. 2003- 2011 жылдары Калифорния штатының губернаторы болды.

Талқылау