Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шұлық ұрламақ болған өскемендік 1,5 жылға сотталды

Өскемен қаласындағы әмбебап орталық дүкенінен 23 жұп шұлықты ұрламақ болған әйел сотталды.

157_1

Бұл туралы қалалық №2 сотқа сілтеме жасап  YK-news.kz тілшісі хабарлайды.

Жалпы құны 23 мың теңгені құрайтын шұлықты ұрлап шыққан әйелді дүкенге қойылған арнайы құрылғылар ұстап берген. Полицейлер келгенше оны күзетшілер ешқайда жібермей қарауылдапты.

Сот айыптыны бір жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Талқылау