Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шудағы пойыздың апатқа ұшырауына жүк пойызымен қақтығысқаны себеп емес

Шуда апатқа ұшыраған пойыздың екінші пойызбен соқтығысқаны расталды. Алайда пойыздың аударылуның себебі ол емес.

Шудағы пойыздың апатқа ұшырауына жүк пойызымен қақтығысқаны себеп емес

Пойыз рельстен шығып кеткен соң барып жүк пойызы қағып өтті, деп хабарлайды 31 арна.

Инвестиция және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы апаттың нақты себебін айтқан жоқ. Қазір тексеру жүріп жатыр. Мән-жайын анықтау үшін Ресейден мамандар шақырылған.

«Айтылып жүрген бір себеп ол шынында айқындалмағаны анықталды. Өйткені, шын мәнінде сол күні өткен жүк вагондары составын қайтадан өткізіп, арнайы тексеріс жүргізілді. Ол жерде қандай да бір габаритсіз жүк тасымалданған жоқ. Барлығы габарит шегінде болды. Яғни, жүк вагондарымен соқтығысу салдырынан жолаушылар вагондары жолдан шықты деген себеп дұрыс емес. Оны біз бүгінгі тиісті тексеру қорытындысы бойынша анықтадық», – дейді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау