Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шудағы пойыз апатынан көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы: Пойыз аяқ астынан аударылып қалды

Жамбыл облысындағы пойыз апатының салдарынан 12 жастағы жасөспірім Алексей Мальнев көз жұмды. Қазіргі уақытта оның отбасы ұлын жерлеу үшін, Қарағандыға қайтып бар жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz.

Шудағы пойыз апатынан көз жұмған жасөспірімнің ата-анасы: Пойыз аяқ астынан аударылып қалды

Марқұмның ата-анасының сөзінше, олар Ыстықкөлге бара жатқан. Сапар барысында көлге шомылып, туыстарды аралауды жоспарлаған екен. Алайда аяқастынан қайғылы жағдай орын алды.

«Пойызда Лешамен, күйеуіммен және кіші ұлыммен болдым. Біз 12-вагонда отырған едік. Сол жағдай орын алған кезде бірден кіші ұлымды ұстап алдым», – дейді марқұмның анасы Ольга Мальнева.

Ал марқұмның әкесінің сөзінше, олар апаттан бұрын пойыздың теңселгенін сезген.

«Шуға жақындап қалғаннан кейін, біз шыққалы отырғанбыз. Аздап алға жылжи берейік деп ойладық. Тіпті тамбурға дейін жетпедік. Аяқ астынан аударылып қалды. Мен алдыда келе жатқанмын. Артымда ұлым, одан кейін әйелім мен кіші ұлым келе жатты. Батапқыда теңселе бастады да, артынан жылдам болып кетті… Аяқ астынан. Түсіне де алмайсың. Ұлымның қатты соғылғаны сонша, алдыға қарай ұшып түсті. Аз ғана уақытта… Вагнон бір қырына құлады. Ол жерде ұсақ тастар болды. Сол тастар басып қалды», – дейді марқұмның әкесі Григорий Мальнев.

Алексей Мальневтің ата-анасының айтуынша, марқұмды жерлеу рәсімі ертең Қушоқы аулында өтеді.

Марқұмның әкесінің сөзінше, қазіргі уақытта оларға көп адам өз көмегін ұсынып жатқан көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау