Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Марқұм баланың әкесі: Пойыз аударылғанда ұлым алдыға ұшып барып, тасты құмға жаншылып қалды

Баланың ата-анасы болған Шудағы пойыз апатынан соң есеңгіреп қалды. 12 жастағы ұлынан әп-сәтте айырылып, қара жамылған отбасы ақтық сапарға дайындалып жатыр.

Отбасы сол күні Қырғызстанға қыдырмақ болып аттанған, деп хбарлайды 31 арна. 

«Ұлым менің соңымнан еріп, тамбурға шығып келе жатқан. Пойыз құлағанда, алдыға ұшып кетті. Тасты құмға жанылып қалды», – дейді әкесі.

Марқұмның жақындары қаралы хабарды жаңалықтардан естіп-біліпті. Олар кінәлі адамдардың жазалануын талап етеді. Облыс әкімдігі марқұмның отбасына көмек көрсететінін жеткізді.

Баланың денесі бүгін жер қойнына тапсырылады.

Айта кетейік, 17 күні Шу ауданында пойыз апатқа ұшырап, 1 адам көз жұмды, 14 адам зардап шекті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау