Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шудағы пойыз апаты: Зардап шеккен ер адамға ота жасалды

Шудағы пойыз апатының салдарынан зардап шеккен 14 адамның тек біреуі ауруханада қалған. Бүгін оған ота жасалды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Stan.kz.

Шудағы пойыз апаты: Зардап шеккен ер адамға ота жасалды

Сурет: 24 хабар

Апат салдарынан Әліби Байжановтың екі аяғы да сынған. Ол Шудағы қалалық ауруханаға жатқызылған еді. Бүгін, 18 маусым күні, таңертеңгі уақытта ер адамға ота жасалды.

«Ота оң жақ жіліншігінің асықты жілік пластинасының сүйек сынығын ұстату бойынша жасалды. Ота сәтті өтті. жағдайы қалыпты. Жан сақтау бөлімінде жатыр», – дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау