Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шуда апатқа ұшыраған пойыз: Жолаушы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Жамбыл облысында болған апат кезінде екі аяғын сындырып алған жолаушының әйелі пойыз аударылған не болғанын әңгімелеп берді.

Шуда апатқа ұшыраған пойыз: Жолаушы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агентігі хабарлайды.

«Біз Астанадан Алматыға келе жатқанбыз. Күйеуім екеуіміз 14-ші вагонда болдық. Түс кезі болғандықтан, асықпай шәй ішіп алдық. Теңселіп келе жатқан пойыз бір уақытта аударыла бастады. Вагоннның құлайтынын түсінгенде, бір жерден ұстауым керек деп ойладым. Ал күйеуім мені ұстап қалғысы келіп еді, бүйір жақ болғандықтан ұстайтындай ештеңе болмады. Жұбайым бұған дейін де пойыздың тежегішінде бірдеңе дұрыс емес-ау, деп ойлаған болатын. Себебі, ол жол бойы теңсеріп келді. Ал кенеттен тежегішті басып қалғанда, аударып қалдық”», – деді әйел.

Жолаушылар апатқа ұшыраған пойыздан шығу үшін терезені сындырған екен.

«Шаң-тозаңнан ештеңе көрінбейді. Балалар да жылап, мазалары қашты. Біздің вагонда 18 бала болған, абырой болғанда дәрі дін аман. Сол уақытта күйеуім: Айгүл, менің аяғым сынды, деді. Қайта сол жердегілер үстіңгі терезені сындырып, оны сүйреп шығарды. Содан соң алғашқы көмекті күттік. Ашық сынық болған жерден қан кетіп, тіпті сүйегі көрініп тұрды», – деді әйел.

Ол апат кезінде көз жұмған жасөспірімді, яғни Кәрімовты алыстан көрген екен. Айгүл оған жасанды дем беруге тырысқанымен, одан ештеңе шықпады дейді. Сонымен қатар, жолаушылардың айтуынша, пойыз аударылғаннан кейін кенеттен жолсеріктердің бірін тоқ соққан. Бірақ ол өзін қалыпты сезініп, ешқандай жарақаn алмаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау