Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мешіттегі атысқа жауап": Шри-Ланкадағы терактінің себебі айтылды

Шри-Ланканың қорғаныс министрі Руван Виджевардена 21 сәуірде елде болған жарылыстар Жаңа Зеландиядағы мешіттерде болған атыспен байланысты екенін мәлімдеді.

Шри-Ланкадағы теракт Жаңа Зеландия мешіттеріндегі атысқа жауап деп аталды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

21 сәуірде Шри-Ланка аралының Коломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды. Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті. 

Министрдің сөзінше, бұл алдын ала тергеудің нәтижесінде белгілі болған. Мемлекет парламентінің алында сөз сөйлеген Руван Виджевардена Шри-Ланкадағы жарылыстар Крайстчерч қаласында мұсылмандарға жасалған шабуылға жауап болғанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 15 наурызда Крайстчерч қаласындағы екі мешітте атыс болды. Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн оқиғаны теракт деп бағалады. 

Талқылау