Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шри-Ланкада тағы да жарылыс болды 

Шри-Ланканың астанасы Коломбодан  40 шақырым жерде орналасқан Пугода аумағында жарылыс болды.

Шри-Ланкада тағы да жарылыс болды 

Сурет: REUTERS / Dinuka Liyanawatte

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әзірге қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы мәлімет жоқ. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр. 

Еске сала кетсек, 21 сәуірде Шри-Ланка аралының Коломбо, Негомбо және Баттикалоа қалаларындағы шіркеулерде жарылыс болды. Шри-Ланкада қаза тапқандар саны 262 адамға жетті. Зардап шеккендердің саны 452 адамға жетті. 

Бүгінде Шри-Ланкадағы терактіге қатысы бар деген күдікке ілініп, тұтқындалғандар саны 100-ден асады. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылыс жасауға 9 лаңкес-жанкешті қатысқан. Олардың сегізінің тұлғасы анықталды. 

Талқылау