Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шопингті жақсы көретін әйелдер күйеулерін “сақтау камерасына” өткізе алады

Шанхайдағы Global Harbour сауда орталығында жаңа қызмет іске қосылды. Яғни қыз-келіншектер күйеулерін уақытша “сақтау камерасына” өткізіп қоя алады.

0жэжжжжж

Бұл туралы The Paper басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, әрбір ер адамға арналып әйнек будка жасалған. Аталған будканың ішіне 1990 жылғы ойындар орнатылған компьютер қойылған. Алғашқы бірнеше айда бұл қызмет тегін болмақ.

Болашақта әйелдер бұл қызмет үшін ақша төлейтін болады. Ер адамдардың барлығы дерлік аталған идеяның көңілдерінен шыққандарын айтып жатыр. Арасында біреуі будканың ішіне желдеткіш орнатуға кеңес берген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Егіздер аналары қайтыс болғанына 4 ай толған соң дүниеге келді

Қытайлық ұшқышсыз қозғалып бара жатқан ұшақты тоқтатты

АҚШ-та екі жерінен оқ тиген сәби аман қалды

Дәрігерлер жігіттің аяғының башпайын қолына ауыстырып салды (фото)

Талқылау