Шопинг жасаған әйелдерін күткен ер адамдардың дүкендегі сәттері (фото)
Дүкен аралап, киім алу – әйелдердің сүйікті ісі болса, ер адамдар үшін өте іш пыстырарлық дүние. Instagram желісінде Мiserable Men (Бақытсыз еркектер) атты аккаунт бар. Онда шопинг кезіндегі ер адамдардың дүкенде әйелдерін, қызын не құрбыларын күткен кезі жарияланған.
Бұл туралы bigpicture хабарлайды.
Мұндай кезде ер адамдардың көбі сабылықпен күтуді не телефонынан қарап тұруды, тіпті қажет босла ұйықтап алуды жөн көреді екен.
Блог авторы әйелдерін күткен ер адамдардың суретін жинайды. Аккаунтта байланыс нөмірі мен поштасы жазылған. Оған кез келген адам «бақытсыз күйеулерінің» суретін жібере алады.
Талқылау