Шоколад көрмесі астаналықтарды таңқалдырып жатыр

Сәрсенбі, 23 Наурыз , 2016 16:48

Наурыз мерекесіне орай еліміздің Бас қаласында ерекше көрме өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Астанада алғаш рет әйгілі шоколадшы Николай Попов шоколад өнімдерінің көрмесі ұсынылды.

_SAM1124 (2)

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал “Nikolya шоколад музейі” әлемдік турне аясында 40-тан астам қалада болып,  оны 500 мың адам тамашалаған. Ал бүгінде астаналықтар Тәуелсіздік сарайына келіп, қызықты көрмені өз көздерімен көруде. Мұнда  шоколад мүсіндер, картиналар, түрлі өнер туындылары қойылған. Жалпы саны 300-ді құраса, жалпы салмағы 700 кг-нан асып түседі. Ен бастысы, оның барлығын жеуге болады.

_SAM1122

_SAM1123

Айта кетерлік, тағы бір ерекшелік аспаз Қазақстан мен оның қазіргі астанасына  арнап шоколадтан еліміздің символына айналған дүниелерді жасап шыққан.

_SAM1044

_SAM1035

_SAM1073

_SAM1076

“Біздің көрме Алматыда да болды. Бұл жерге барлығын әкеліп отырмыз. Астана үшін арнайы бірнеше экспонаттар жасалды”, – дейді ұйымдастырушы Виктория Стевло.

новый коллаж

Салмағы 5 кг болатын “Алтын адам” құрымында қара және ақ шоколад бар. Ал Алтын адамның бас киімі құрамында қара шоколад, марципан және басқа да тағам өнімдері бар. Оның да салмағы – 5 кг.

25

Астана қаласының елтаңбасы құрамында қара және ақ шоколад бар. Салмағы – 5 кг. Ал Қазақстан Республикасының елтаңбасы құрымында қара және ақ шоколад бар. Оның да салмағы – 5 кг.

36

новый коллаж

Ақ және қара шоколадтан жасалған Эйфель мұнарасының салмағы – 45 кг.

Шоколад мұражайы алғаш рет 2009 жылы Симферополь қаласында ашылған.  2013 жылы мұндай сұлулықты бүкіл ғалам көрсін деген ниетпен әлемдік турне басталады.

_SAM1097

_SAM1078

“Бұл мұражай қазіргі таңда да жұмыс істеп тұр. Онда 130 мыңнан астам  адам болды. Бірнеше жыл бұрын көрменің бір ғана жерде тұрмай, оны көптеген ел тамашаласа деген ой келді. Содан бастап осындай халықаралық мұражай құрылды. Шын мәнісінде мұндай, яғни шоколадтың тарихы емес, нақты шоколад өнімдерінен құралған көшпелі шоколад мұражайы әлемде біреу ғана”, – деп көрме ұйымдастырушысы Виктория ерекше туындыларды тамашалау мүмкіндігі барлығына бұйыра бермейтінін жеткізді.

_SAM1131 (1)

_SAM1180 _SAM1160 (1)

_SAM1189

Айта кетейік, шоколадтар арнайы температурада сақталады.  +22 градустан жоғары,  -18 градустан төмен болмауы керек. Олай болған жағдайда шоколад не еріп, не қатып, сапасы бүлінеді. Туындыларды екі жылға дейін сақтауға болады. Көп жағдайда сол уақыттың өзіне жетпей, құрамы бұзыла бастайды екен. Басты себеп – көшіп жүруі мен адамдардың экспонаттарды жеп көргісі келетіндігі.

Естеріңізде болса тоқтамай сүйіскен алматылық ғашықтардың әлемдегі ең қымбат шоколадқа ие болғаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар