Шөкеев үш мұнай өңдеу зауытын жеке-жеке сатуды ұсынды

Сейсенбі, 8 Желтоқсан , 2015 14:39

Қара теңіз жағалауындағы Қазақстанға тиесілі Батуми мұнай терминалы жекешелендіріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

шөкеев

«ҚазТрансОйл» АҚ «ҚазТеңізФлот немесе Батуми терминалы сынды активтерді жекешелендіру жоспарлануда. «ҚазТрансГаз» бен «ҚазТрансОйлдың» барлық бейінді емес активтерін жекешелендіруге қойып, құбыр желісі көліктерін біріктіру көзделіп отыр», – деді ол.

Қор басшысының айтуынша, Rompetrol-дың да бақылаушы топтамасын жекешелендіру жоспарланған. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде.  Мұнан бөлек, «ҚазМұнайГаз» Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ акцияларының бақылаушы пакетін де жекеге беру қарастырылуда.

«Бұл ретте үш нұсқа ұсынылып отыр. «ҚазМұнайГаз» Қайта өңдеу және маркетинг» АҚ-тың 51 пайыз сату қарастырылады. Егер тиімділігі жоғары болса барлық үш мұнай өңдеу зауытын жеке-жеке сату керек. Біздің әлеуетті серіктестерімізбен акциялар пакетін жүргізу керек», – деді  Шөкеев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар