Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шоқан Маратұлы ұлына қандай есім қоярын білмей, елден көмек сұрады

Бірер күн бұрын әке атанған “All Давай” тобының әншісі Шоқан Маратұлы атұстарының бөлмесін әлдеқашан дайындап қойған. Жары Әнел жүкті кезде-ақ, Шоқан сәбидің бөлмесін жабдықтаған-ды. Алғашқы перзентінің тыныш ұйқысын ойлаған жұлдызды әке оған қояр есімді таңдап үлгермепті.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сәбиге есім беру қызықты әрі жауапкершілікті іс. Ал сіздер қандай есімдерді ұнатасыздар? Өз нұсқаңызды жазыңыз, бәлкім сіздің бізге көмегіңіз тиіп қалар. Мүмкіндігінше мағынасы бар есімдер болса”, – деп жұрттан көмек сұрады әнші әрі кәсіпкер.

Өз кезегінде желідегілер Шоқанның өтінішін жерде қалдырмай, түрлі есімдерді ұсынды. Ең жиі ұсынылған – Әлихан, Әлинұр, Мирас, Аңсар есімдері. Шоқанның ұлтын ескерген жандар сәбиді Альтаир, Альрам, Искандер, Алан деп атауды сұрады.

Жіберіп алмаңыз:

Аса жақсы емес: Айдана мен Ақбота экс-әріптестерімен қандай байланыста екендерін айтты (фото)

Сәтсіз таңдалған киім: Жанкүйерлер Анджелина Джолидің “кемпірге” ұқсап қалғанын айтты

Зарина Омарова: Әкем бізді тастап, басқа әйел алғанда қатты ренжідім

Нұртас Адамбай бұрынғы әйеліне қайта қосылды

 

Талқылау