Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Школьник бензин қымбаттамайтынына сенімді

Энергетика министрі Владимир Школьник бензин бағасына қатысты болжамын жасады, -деп хабарлайды КТК.

benzin_zam

 

-Бензин бағасы көтеріле ме жоқ па оны нақты айту қиын. Нарыққа байланысты сәл құбылып тұратын шығар. Ол қалыпты жағдай. Бірақ, жанармай құнының бірден шарықтап кетуіне жол бермейміз. Сондықтан бензин бағасы шарықтайды деп қорқудың қажеті жоқ”, -дейді Школьник.

Айтуынша, акциз мөлшерінің артуы жанармай құнына айтарлықтай әсер етпейді.  Себебі, жанармайдың бағасын нарық реттейді. Және қазіргі экономикалық жағдай сұйық отын бағасының осы қалпында тұруына мүмкіндік береді екен. Осыдан бір апта бұрын бюджетке түсімді арттыру үшін Үкімет жанармайға төленетін акциз мөлшерін 2 есеге көтерген. Яғни, кәсіпкерлер сырттан тасыған бензиннің тоннасы үшін енді 5 мың емес 11 мың төлейді. Сондықтан, бензин бағасы да 220 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

 

 
 
Талқылау