ШҚО-да әйел 6 жасар бала мен анасын өрттен құтқарып қалды

Бүгін таңертең ШҚО-дағы «Металлург-3» бау-бақша серіктестігіндегі үйлердің бірінде өрт шықты. Үйде қалған 6 жасар бала мен анасын өрт сөндірушілер жеткенше көрші әйел құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

ШҚО-да әйел 6 жасар бала мен анасын өрттен құтқарып қалды

Меруерт Темірбекова 6 жасар бала мен оның анасын өрттен құтқарды. Сонымен қатар ол оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған. 

Зардап шеккендер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Өрт сөндіру барысында ер адамның мүрдесі табылды.

Марқұмның тұлғасы мен өрттің себебі анықталып жатыр.

Өскемендік ТЖБ-дағылар, біраз уақыта бұрын үй иелеріне нұсқама берілгенін мәлімдеді. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр