Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны өзінің суретін желіге педофил деп жариялағандарды жауапқа тартуды сұрады

Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны өзінің суретін жариялап, педофил деп атағандарды жауапқа тартуды сұрайды.

Николай Белоусов полицияға хабарласып, өзінің суретін педофил ретінде желіге жариялағандарды жауапқа тартуды сұрады, деп жазды YK-news.kz.

Былтыр желіде бірнеше адамның суреті бар фото жарияланды. Сурет анықтамасында: “Педофил санаты бойынша Зырян полиция бөлімшесінде есепте тұрғандар” деп жазылған.

Алтай ауданының тұрғыны Николай Белоусов азаматтар ішінен өз суретін көріп таңғалды. Ол полиция арыз жазды.

“ІІД тексеру кезінде Белоусовтың ешқашан есепте тұрмағанын анықтады”, – дейді Зырян аудандық полиция бөлімшесінің басшысы Шалқа Құнанбаев.

Өкінішке қарай, полицейлер суретті желіге жариялаған адамды таба алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау