ШҚО тұрғыны қызының денсаулығы үшін темір ұстасы болып жұмыс істеуде

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 13:15

Шығыс Қазақстанда бүкіл облыс бойынша ұсталық кәсіппен айналысатын әйел тұрады. Ауылдан облыс орталығына көшіп келген Светлана Кошелева ерлерге тән кәсіпті серік етіп жүр.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әйел мұндай қадамға өз қызының денсаулығы үшін барыпты. Әр күн сайын таңғы 6-да тұратын әйел, құрал-жарақтарын дайындап жұмыстың қамына кірісіп кетеді. Алайда, оған күнбе-күн түсіп тұрған тапсырыс та жоқ екен. Әйтсе де, ол біліктілігін жоғалтып алмас үшін күнделікті айналысады.

“Қызым психикалық ауыр жағдайда даун синдромымен ауырады. Оны қалдырып кете алмаймын. Оның үнемі қасында болуым керек”, – дейді Светлана.

Светлана бұл кәсіпке кездейсоқ келмепті. Оның атасы да теміршілікпен айналысқан танымал жан екен. Кейінірек немересін де осы кәсіпке тәрбиелеген. Сол бала кезден оның есінде осы бір жұмыстың түрі қалып кеткен. Өз үйінде кәсіпкерлікпен айналысуға оған кәсіпкерлер палатасы көмектескен.

“Жол картасы – 2020″ бойынша несие рәсімдегіміз келді. Қызметкерлер бизнес-жоспар құруға көмектескен. Соның арқасында әлі күнге жұмыс істеп жатыр. Палата тауар бойынша көмектесіп тұрады”, – дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы баспасөз хатшысы Досжан Тұрғанбаев.

Алайда кәсіптен түскен табыс түгелімен несиесін жабуға кетеді. Әйел тұратын Көкпекті ауылы оның қайраткерлігі мен табандылығы үшін ерекше құрметтейді. Жергілікті тұрғындар әркез көмектесуге дайын. Ат тағалатқысы келгендер де, үйлерінің қоршауын жасағысы келгендер де Светланаға өтініш айтады екен. Әйел қаншама қиындыққа қарамастан, ірі тапсырыстар да алып тұтынушыларының алғысына бөленіп келеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар